
Days of admission of individuals:
Post Message
Асхат ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Салеметсіз бе, студенттердің оқуы үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатқанына алғыс айтамын. Дегенмен, кейбір студенттерге сабаққа қатысу үшін материалдық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылса екен деген ұсынысым бар. Студенттің ата-анасымын.
Жауап:
Студенттердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп отырғаныңызды бағалаймыз. Біз материалдық көмекті жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада студенттерге арналған қосымша қолдау бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отырмыз.
06. 02. 2026
Бейбіт Жұмабаев ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Саламатсызба! Атырау қаласының тұрғынымын, Досмухамедов университетінде магистратурада оқимын. Сіздің университетіңіздің ғылыми журналына мақала қалай жіберуге болады? Шығатын уақытын қалай біле аламыз?
Жауап:
«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми журналына мақала жіберу ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мына сілтеме (https://ojs.wkitu.kz/index.php/test) арқылы өтіп, журналға автор ретінде тіркеліп, «материалдар жіберу» бөліміне жібере аласыз.
Келіп түскен мақалалар журналдың бағытына сәйкестігі тексеріліп, антиплагиаттық тексеру, екі рет рецензиялаудан өтеді. Егер, мақалалар бойынша түзетулер қажет болса, редакция хабарласады.
Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.
Қосымша ақпарат алу үшін журнал сайтының авторларға арналған бөлімімен танысыңыз немесе техникалық редакторға хабарласуға болады. (87057444055, Мұхтар Зинур Ғафурұлы)
11. 12. 2025
Данияр ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Вопрос:
Здравствуйте, нам предлагают пройти курсы на платформе Coursera. Хотела выяснить эти курсы платные и что он нам дает?
Ответ:
Курсы на платформе Coursera действительно предлагаются для студентов, и они могут быть как платными, так и бесплатными в зависимости от программы. Наш университет на бесплатной основе от МНВО РК получает 100 лицензии ежегодно что дает возможность нашим студентам пройти курсы совершенно бесплатно. Эти курсы помогут вам расширить знания в различных областях, а сертификаты, полученные по завершении, могут стать отличным дополнением к вашему резюме и продемонстрировать работодателю ваш профессионализм. Также курсы могут быть перезачтены, т.е. засчитаны в рамках вашей учебной программы. Вы более подробно можете уточнить у эдвайзера.
21. 11. 2025
Ахметова Динара Сериковна ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Вопрос:
Здравствуйте! Подскажите, пожалуйста, как можно поехать учиться за рубеж по программе академической мобильности? С какими странами и университетами у нас есть соглашения и какие требования предъявляются к студентам?
Ответ:
Здравствуйте! Академическая мобильность дает возможность пройти обучение в зарубежном университете в течение одного или нескольких семестров, оставаясь студентом своего вуза.
Для участия в программе необходимо соответствовать следующим требованиям:
- Для обучения в странах дальнего зарубежья нужно подтвердить уровень владения иностранным языком (например, сертификатом IELTS, TOEFL или результатами внутреннего тестирования). Для обучения в странах СНГ (Россия, Таджикистан, Узбекистан и др.) обучение обычно проходит на русском языке.
- В программе могут участвовать студенты бакалавриата (как правило, начиная со 2–3 курса) и магистранты.
Что нужно сделать:
1. Ознакомиться со списком зарубежных вузов-партнеров. Университет активно сотрудничает как с вузами приграничных регионов России, так и с университетами Центральной Азии и дальнего зарубежья. Актуальный список партнеров размещен на сайте Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета в разделе «Наука и сотрудничество». Вы можете обратиться в Отдел международного сотрудничества или к заведующему кафедрой. Вам помогут подобрать подходящий университет по вашему направлению подготовки и проконсультируют по условиям участия в программе.
02. 11. 2025
Мадина ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен БҚИТУ студентімін. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігі бар ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! БҚИТУ-дың шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен жасалған ынтымақтастық келісімдері аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің университет студенттері, негізінен, оқу ақысын төлемей білім алады.
Алайда жол жүру шығындарын, тұру ақысын, медициналық сақтандыруды және студенттік визаны рәсімдеу шығындарын, әдетте, студенттің өзі өтейді. Сонымен қатар, оқу шарттары нақты шетелдік жоғары оқу орнының талаптарына байланысты өзгеруі мүмкін.
Егер Сіз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орнында білім алуға ниет білдірсеңіз, алдымен өз тобыңыздың эдвайзеріне немесе кафедра меңгерушісіне жүгінгеніңіз жөн. Олар Сізге қажетті ақпарат беріп, әрі қарайғы рәсімдер бойынша кеңес береді.
Сондай-ақ академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша қосымша кеңесті Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімінен алуға болады.
Мекен-жайы: Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 44/1, 409/1-кабинет.
24. 10. 2025