«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

“Тазалық – табалдырықтан басталады!” деген ұранмен 2024 жылдың 21 қыркүйек күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтынын жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері мен жатақхана студенттерінін ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл Аймақ» жалпы университеттік сенбілік өтті.

Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына университет студенттер қатысып, белсенділік танытты.

Сенбілік барысында студенттер жатақхананың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазартты.