Ректор блогы

Қымбатты достар!
 
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің сайтына қош келдіңіздер! Ректор блогында сіздер өз ойларыңызбен, ұсыныстарыңызбен, сіздерді мазалайтын мәселелермен бөлісіп, өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
 
 
Құрметпен,
университет ректоры
Шакешев Бекбулат Темержанович

Жеке тұлғаларды қабылдау күндері:

Әр сәрсенбі

15.00 - 17.00

Орал қ, Н.Назарбаев даңғ., 208 үй

 

Хабарлама жіберу

Captcha Image


Алихан ( Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. )

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Мен БҚИТУ түлегімін. Дипломыма берілген қосымша жоғалып қалды. Осыған байланысты диплом қосымшасының копиясын алу үшін кімге жүгінуім қажет?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Диплом қосымшасының телнұсқасын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінсеңіз болады.


15. 10. 2025
Диана ( Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. )

Вопрос:

Добрый день! Правда ли, что для магистратуры обязательна зарубежная стажировка, и каковы её сроки?

Ответ:

Здравствуйте! Да, верно. Согласно государственному стандарту, для магистрантов научно-педагогического направления зарубежная стажировка обязательна. Для профильного направления она возможна, но не всегда строго обязательна (зависит от учебной программы).

Сроки: обычно от 10 дней до 2 недель (в редких случаях - до месяца). Проводится в течение периода обучения, чаще всего на 2-м курсе.


07. 10. 2025
Еркебулан ( Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. )

Вопрос:

Здравствуйте! Как я могу узнать, с какими зарубежными вузами  наш университет сотрудничает?

Ответ:

Здравствуйте! ЗКИТУ ведет активную международную деятельность и сотрудничает с 66 зарубежными вузами, научно-исследовательскими институтами и центрами.  Список зарубежных партнеров   размещен на официальном сайте ЗКИТУ (https://wkitu.kz  – раздел «Наука и сотрудничество – Перечень договоров ЗКИТУ о сотрудничестве в сфере науки и образования»).  По указанной ссылке можно также получить информацию о направлениях  подготовки, по которым возможно сотрудничество с конкретным зарубежным вузом-партнером.


28. 09. 2025
Нурсултан ( Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. )

Сұрақ:

Сәлеметсіз бе! Университетте психологиялық қолдау қызметі бар ма?

Жауап:

Саламатсыз ба! Университетте психологиялық қолдау қызметі кәсіби психологтардың кеңес беруі, жеке және топтық кездесулер, тренингтер мен профилактикалық шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қызмет студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі. Өзіңізді толғандырған қандай да бір сұрақты еркін қойып, сұхбаттаса аласыз. Тиісті мәліметті ректордың қабылдау бөлімінен ала аласыз. Байланыс ақпараты осы парақшада келтірілген.


25. 09. 2025
Нурланов Ержан Болатович ( Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. )

Сұрақ:

Қайырлы күн! Мен БҚИТУ-дың Салалық технологиялар институтында оқып жатырмын. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқым келеді. Осы бағытта неден бастауыма болады?

Жауап:

Сәлеметсіз бе! Сіздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға деген ниетіңіз бізді қуантады және осы мақсатыңызды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз!
Университетімізде студенттерге ғылыми-зерттеу қызметімен бірінші курстан бастап айналысуға мүмкіндік берілген. Студенттік ғылымда өзіңізді танытудың көптеген жолдары бар.
Біріншіден, университеттің әрбір кафедрасы жанынан жұмыс істейтін студенттік ғылыми үйірмелердің жұмысына белсенді қатыса аласыз.
Екіншіден, оқытушыларыңыздың ғылыми жетекшілігімен студенттік ғылыми жобаларды дайындауға, ғылыми журналдарда мақалалар жариялауға, патенттер мен авторлық куәліктер алуға, сондай-ақ «Жастар стартапы» байқауына қатысуға мүмкіндігіңіз бар.
Үшіншіден, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық байқауларға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға және басқа да ғылыми іс-шараларға қатыса аласыз.
Толық әрі нақты кеңес алу үшін өз кафедраңыздың меңгерушісіне немесе академиялық тобыңыздың эдвайзеріне жүгінуіңізді ұсынамыз.
Сізге ғылыми ізденіс жолында табыс, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз!


18. 09. 2025
 
Powered by Phoca Guestbook