
Days of admission of individuals:
Post Message
Бауыржан ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Саламатсыздар ма! Сіздің университетте әкімдік грантымен оқуға бола ма?
Жауап:
Біздің университетте бар білім бағдарламалары бойынша әкімдік грантымен оқуға толық мүмкіндік бар. Алайда әкімдік гранттары барлық мамандықтар емес, жекелеген мамандықтарға ғана бөлінеді. Толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясының парақшасында келтірілген байланыс телефондарына хабарласып біле аласыз (https://wkitu.kz/kk/bez-rubriki/batys-aza-stan-innovacijaly-tehnologijaly-universitetini-abyldau-komissijasy/).
14. 08. 2025
Мадина ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Саламатсыздар ма! Мен колледж бітіріп, қазір ауылда мұғалім болып қызмет жасап жатырмын. Қызылорда облысының Шиелі ауданының тұрғынымын. Жоғары білім алу жоспарымда бар. Сіздің университетте қашықтан оқи алам ба?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Өкінішке орай, біздің университетте қашықтан оқыту нысаны қарастырылмаған.
22. 07. 2025
Әйгерім Сұлтанова ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Саламатсыз ба! Мен «Құрылыс» мамандығын бітіргенмін. Білейін дегенім, осындай мамандықтарды бітірген адамдар мұғалімдік мамандық алу үшін қанша жыл оқиды? Оқуға тапсыру үшін қандай құжаттар тапсыру керекпін?
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Жоғары оқу орнын бітірген тұлғалардың екінші жоғары білім алу уақыты 2 жыл 6 айды құрайды. Құжаттар туралы толық мәліметті университеттің қабылдау комиссиясының парақшасынан біле аласыз (https://wkitu.kz/kk/bez-rubriki/batys-aza-stan-innovacijaly-tehnologijaly-universitetini-abyldau-komissijasy/).
21. 06. 2025
Андрей ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Вопрос:
Здравствуйте! Мой сын в этом году заканчивает школу. В школе он активист, участвует во многих мероприятиях, и я хотел спросить, в ЗКИТУ поощряют студентов с высокими результатами в учебе, а также активистов?
Ответ:
Мы очень ценим достижения наших студентов, как в учебе, так и в социальной активности. Каждый год увеличивается число студентов, которым выдаются скидки от 15 до 100%. Кроме того, мы продолжим развивать программы академической мобильности и возможности для участия в международных проектах.
18. 05. 2025
Айсұлу Ерланқызы Қасымова ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. )
Сұрақ:
Саламатсыздар ма! 2014 жылы «Евразия» институтын бітірген болатынмын. Қазір шетелге жұмысқа орналасу үшін білім алған орнынан ұсынымхат талап етіледі. Қазір «Евразия» институты жұмыс жасамайды, сондықтан ұсынымхатты сіздің университеттен алуыма бола ма?
Жауап:
Университет сайтында жауапты бөлімшелердің телефон нөмірлері көрсетілген кол-орталық көрсетілген. Толық ақпаратты кол-орталық арқылы білуге болады (https://wkitu.kz/kk/call-center-2/ ).
22. 04. 2025