Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті ректоратының шақыруымен 2024 жылғы 19 желтоқсанда «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Л.А. Садыкова «Энергия тиімділігі – 2024. Қазіргі заманғы технологиялар-энергетиканы дамытудың негізі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысына қатысты. Секциялық отырыстарда «Тұтыну трансформаторларының асимметриялық жұмыс режимдерін анықтау тәсілдерін талдау», «Өлшеу жүйелерінің бастапқы түрлендіргіштерінің ерекшеліктерін талдау» және «Қазақстанда инженерлік кадрларды даярлау мәселелері мен перспективалары» атты баяндамалар жасады.
20 желтоқсанда біздің жоғары оқу орындары: БҚИТУ мен ТашМТУ арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. 6В07102 Электр энергетикасы, 6в07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) және 6В06104 Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер БББ бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды.




