
Машанова Самал Амангельдиевна
бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а.
Орал қ, Н.Назарбаев даңғылы, 208 үй
8 (7112) 50-99-90
samal.kz.79@mail.ru
Миссиясы:
білім нарығында бәсекеге қабілетті жаңа буынның білім алуына жәрдемдесу. Миссиясы: Білім нарығында бәсекеге қабілетті, білімді, жаңа заманға сай мамандарды дайындауға үлес қосу.
Міндеттері:
Оқу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жедел басқару;
Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
Қызметтің негізгі бағыттары:
мамандықтар бойынша академиялық күнтізбенің орындалуын, ПОҚ-ның сабақ кестесінің жүзеге асуын, кураторлық сағат және емтихандардың өтуін бақылау;
баға қою саясатын реттеу, оқытылған кредиттер және алынған баға туралы ақпаратты және студенттік академиялық рейтингін ( GPA) басқару;
облыстың білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар бойынша жұмысын, университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
аумақтың экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті маман даярлау;
ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
студенттерді кәсіби сараманнан өткізу және жұмыспен қамту саласында білім беру басқармаларымен, орта жалпы білім беру мекемелерімен, аймақтық ұйымдармен, мекемелермен университет арасында қарым-қатынасын дамыту;
университет кафедраларының филиалдарының қызметі арқылы «Білім беру-ғылым-өндіріс» қарым-қатынасты нығайту мақсатында қызметті реттеу, сараманның барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, еңбек нарығын зерттеу және университет түлектерін жұмыспен қамту ісіне үлес қосу;
барлық оқу түрі студенттерінің оқу үлгерімі мен білім сапасына бақылау өткізу, факультеттер мен кафедралардың оқу үрдісін ұйымдастыру қызметін бақылау, сынақ-емтихандық сессиялар мен білім алушылардың мемлекеттік аттестациялауды дайындау және өткізу кезінде кафедра жұмыстарын оперативті қадағалау;
академиялық лектерді құру, аналитикалық және статистикалық есеп беру, студенттерді ауыстыру, оқудан шығару, қайтадан оқуға қабылдану және қайта оқыту жөніндегі бұйрықтарды шығару ісіне бақылау жасау.